Мүгедек жанды арбамен тасыған ит жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тараз қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіне өзінің мүгедек иесі отырған арбаны итеруге көмектескен итті видеоға түсіріп, таратты, деп хабарлайды Stan.kz.
Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады. Бұны көлікте отырған жолаушылардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
«Міне, Таразда овчарка иті өзінің мүгедек иесін сүйреп барады», - дейді видео авторы.
Instagram желісінің қолданушылары иттің бұл қылығына сүйсініп, таңқаласып жазба қалдырып жатыр. Видеоның астында «ит адамның досы ғой», «жануарларды аялайық» деген сынды жазбалар кездеседі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41