Түркістан облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі: полиция мәлімдеме жасады

Түркістан облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі: полиция мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы лагерьде жасөспірімдерді ұрып-соғу дерегі бойынша полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ғаламторда лагерь тәрбиешісі кәмелетке толмаған балаларды ұрып жатқан видео пайда болды. Төле би аудандық полиция бөліміне Біркөлік ауылында орналасқан лагерьде тәрбиеші төрт кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтірді деген шағым түсті.  Бұл дерек Төле би АПБ-да сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігіне сәйкес тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп жазды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін желіде Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Сұңқар" лагерінде балаларды ұрған тәрбиешінің видеосы пайда болған еді.


Новости партнеров