Душқа түсіп жатқанда сығалаған: тәрбиешінің балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды

Душқа түсіп жатқанда сығалаған: тәрбиешінің балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды
Кәмелет жасқа толмаған балалар деректі жоққа шығарып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы лагерьлердің бірінде 18 жастағы тәрбиеші 4 жеткіншекті не үшін ұрып-соққаны белгілі болды. Олар душқа түсіп жатқан тәрбиешіге сығалап қараған екен, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.

«Комиссия 14-15 жастағы жеткіншектердің душқа түсіп жатқан 18 жастағы тәрбиешіге сығалап қарағанын анықтады. Артынша тәрбиеші байқап қалып, өзі жазалауды жөн көрген», - деп жазды Қалқаманов.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқиғаның мән-жайын айтты.

«15 тамызда жоғарыда аталған тұлғалар су ойындарынан кейін душқа сығалап қарай бастаған. Ол кезде 2001 жылғы тәрбиеші душқа түсіп жатқан. Балалардың бейәдеп іске бой алдырғанына ашуы келген тәрбиеші ұрып-тебе бастаған. Сол жердегі ұлдардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, WhatsApp мессенджері арқылы топқа жіберген. Топтың анықталмаған қатысушыларының бірі видеожазбаны ата-анасына жіберіпті. Кәмелет жасқа толмаған балалар деректі жоққа шығарып отыр. Демалып жатқандардың ата-аналары шақыртылды. Сырттай қарағанда кәмелет жасқа толмаған балалардың денесінде көзге көрінетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерек Төле би аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп жазды Аружан Саин әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік. Білім және ғылым министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Новости партнеров