«Алматы» телеарнасының қаза тапқан қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Almaty.tv
Мұратхан Базарбаев жаппай тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп қаза болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде «Алматы» телеарнасының қаза тапқан қызметкері Мұратхан Базарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысы қол қойған құжатты «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Жалауқызы марқұмның ұлы Елдар Мұратханұлына табыс етті.
Еске салсақ, 6 қаңтарда «Алматы» телеарнасының қызметкерлері түсірілім кезінде террористердің заңсыз әрекетіне тап болып, көлікке атылған оқ салдарынан Мұратхан Базарбаев оқиға орнында жантәсілім еткен болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16