|
15.12.2022 | 13:41
2513

Желтоқсан көтерілісі: Методологиялық, саяси, құқықтық тұрғыдан баға беру керек - Бақытжан Сатершинов

Алматыда Алматыда Желтоқсан оқиғасының тарихи сабақтастығы мен саяси жауапкершілігін талқыға салған конференция өтті

Желтоқсан көтерілісі:  Методологиялық, саяси, құқықтық тұрғыдан баға беру керек - Бақытжан Сатершинов Almaty.tv

Алматыда Желтоқсан оқиғасының тарихи сабақтастығы мен саяси жауапкершілігін талқыға салған конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымдар мен сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысқан жиын - негізінен осы тарихи қозғалыстың мән-мазмұнын ғылыми тұрғыда анықтауға бағытталды. Баяндамалардың басым бөлігі саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Желтоқсан қозғалысына арналды.

«Биыл 38 жыл өтті. «Желтоқсан оқиғасы» деп айтамыз ба, жоқ қазақтың ұлт-азаттық көтерілістерінің  соңғы көрінісі ме? Методологиялық, саяси, құқықтық тұрғыдан баға беру керек. Осы мәселені бүгінгі дөңгелек үстелдің басында талқыланды», – деді Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Бақытжан Сатершинов

Конференцияны қалалық әкімдік пен Философия, саясаттану және дінтану институты бірігіп ұйымдастырды. Жиналғандар құқықтық нигилизм тенденциясының орнына қоғамдағы жасампаздықты қолдайтындарын жеткізді.

«Қазақ қоғамына Қазақстан үшін өте маңызды сәт болды. Оның ерекшелігін, біздің саяси тарихымыздағы ұштастығын, түрлі саяси проектілермен үндестігін зерттеу керек деп ойлаймын», – деді Саясаттану орталығының директоры Айдар Әміребаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир