ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапхана болуы керек – Бас мүфти

muftyat.kz
muftyat.kz
Ол халал стандартына сай келетін қасапхана жобасын дайындауды таспсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы ол 2022 жылдың Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге 2022 жылдың соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын» – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Новости партнеров