Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласынан су апатынан зардап шеккен Петропавлға гуманитарлық көмек жөнелтілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еріктілерден құрылған топтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан қайырымдылық көмек 23 сәуірге дейін қажетті заттарды қабылдайды. Су басқан өңірлерге көмектесуге ұзындығы 13 метр 20 тонналық жүк көлігі шығады. Табиғи апаттан залал келген өңірлерге мемлекет және халық тарапынан көп қолдау жасалып жатқаны жасырын емес. Ұйымдастырушылар халықты қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырды.
- Сәтбаев қаласының еріктілері Сәдуақас Ошақұлы мешітімен бірлесе отырып, 20 тонналық фураны толтырды. Петропавлға көмек беруге ниет етіп жатыр. Игі іске қала тұрғындарын атсалысуға шақырамыз, – деді еріктілер тобының жетекшісі Алдияр Жиенбаев.
Оқи отырыңыз: БҚО-да 1400-ге жуық адам эвакуацияланды