8 наурызда Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олар екі жаста екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды», – деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі редакция тілшісіне.
Суреттер Халықаралық әйелдер күнінде жарияланған. Жазба сипаттамасында: «Керемет күн. Таңертеңгі серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады» деп жазылған.