Қыруар қаржы жұмсалған өткелде қабырғалардың бәрі жазуға толып, көркін бұзып тұр дейді олар
Қала тұрғындарының бірі Барахолкадағы жер асты өткелін түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бейне ролик авторының айтуынша Жетісу ауданына қарасты бұл жүргіншілер өткелінде аяқ алып жүру мүмкін емес, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Себебі, жолдың екі жағына сатушылар тауарларын толтырып тастаған. Қанша айыппұл салғанымен, жабайы сауда иелері жұмысын тоқтатар емес. Қыруар қаржы жұмсалған өткелде қабырғалардың бәрі жазуға толып, көркін бұзып тұр дейді.