Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды - Қорғаныс министрі

24.kz
24.kz
Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс бойынша тергеу амалдары шамамен бір айдың ішінде аяқталатынын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды. Бұл туралы Сенатта сауалына ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласынан бұл арсеналды шығару жұмыстары басталды. 90 жыл бойы тұрған арсеналды бір күнде көшіру оңай емес, ол жерде көп көлемде оқ-дәрі жинақталған. Ол үшін басқа да қауіпсіз жерлерде алаңдар мен қоймаларды дайындау керек болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта тиісті қаржы шығыны қажет, яғни көлік, вагондар, контейнерлер, күзет шаралары қажет болады.

«Осы орайда тасымалдау мен арсенал орналасатын жерде біз жүз пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жұмыстарға толықтай кірістік, оқ-дәрі бөлігін шығару басталды деп айтуға болады. Осы жұмыстар қанша уақыт алатынын қазір айту қиындау. Ең бастысы, тиісті жұмыстардың барысында Арыс тұрғындарының және барша азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Оқ-дәрі қауіпсіз сақталатын орындарға жеткізіледі, ондай нысандар Қазақстанда баршылық», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс бойынша тергеу амалдары шамамен бір айдың ішінде аяқталатынын атап өтті.  

Сонымен қатар, министр ешбір елді мекеннің маңында артиллериялық оқ-дәрі болмайтынын мәлімдеді.

Новости партнеров