Алматы облысында өзенге құлап кеткен 14 жастағы қыздың денесі табылды

10.07.2019 19:25

Оны іздестіруге 250-ге жуық адам жұмылдырылған

фото из открытых источников

Алматы облысындағы Қаратал өзеніне құлап кеткен 14 жастағы қыздың денесі табылды. Ол 5 маусымда інісі және сіңлісін ертіп серуенге шыққан, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қыздың денесі 10 маусымда өзі құлаған жерге жақын маңнан табылған. Өзенге құлаған уақытта оның аяғы екі тастың ортасына қыстырылып қалған.

Оны іздестіруге 250-ге жуық адам жұмылдырылған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға балаларды суға жалғыз жібермеуге және қауіпті  жерде шомылмауға ескерту жасады.