Алматыда автобус жүргізушісіне қол көтерген самокат иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

10.07.2019 19:03

Бұл факт жеке қаралып, әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады

nur.kz

Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы – бұзақылық бойынша қылмыстық іс ашып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

Іс аясында тергеу шаралары мен кешенді сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, соның нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім жасалады.

«Полицияның қолында самокатшының «қызылға» өтіп кеткен видеосы бар. Бұл факт жеке қаралып, әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – делінген хабарламада.