|
18.06.2022 | 14:02
4750

Тоқаев орден мен марапат алмау жөнінде шешім қабылдады

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады

Тоқаев орден мен марапат алмау жөнінде шешім қабылдады © Официальный сайт Президента Казахстана

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында Президенттің барлық наградадан бас тартқаны туралы ақпарат жарияланды. Оған сәйкес, кеше Санкт-Петербор қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевты "Александр Невский" орденімен марапаттау туралы ұсыныс жасалды.

"Мемлекет басшысы оған көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Бірақ ол президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті. Дәл осы себепке байланысты жақында Бішкек қаласына жасаған сапары барысында қырғыздың жоғары наградасы - I дәрежелі "Манас" орденінен бас тартқан болатын", - деп жазды Ербол Еділов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир