Себет толы сыйлық алғандар жазаланады

09.12.2019 18:46

Алик Шпекбаев тәтті-дәмдіге толы кәрзеңке түгілі, болмашы сыйлық алудың өзі этиканы бұзатынын айтты

Gum.ru

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол мерекелерде тәтті-дәмдіге толы кәрзеңке түгілі, болмашы сыйлық алудың өзі этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу болып есептелетінін барлық мемлекеттік қызметшілерге ескертті.