|
11.07.2019 | 13:48
6442

Алматылық таксист шетелдік қонақты әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген

Кәсіпкер мұндай жағдай бірінші рет емес екенін алға тартты

Алматылық таксист шетелдік қонақты әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген фото из открытых источников

Ұлыбритания азаматы Алматы әуежайынан қалаға дейін жету үшін таксистке 33 мың теңге төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы хостелдің иесі Шакир Исламбакиев өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Алматыда менің қонағымды әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге жеткізген», – деп наразылығын білдірді азамат.

Исламбакиев таксистердің жұмыс істеу тәсілі қалыпты екенін айтты. Алдымен олар жол ақысы екі мың теңге екенін айтып, жеткен соң ол әрбір шақырымның бағасы болғанын дәлелдеп әлек болады. Оның тәжірибесі бойынша, шетелдіктер көбіне қорыққаннан төлей салады.

«Мен түсінем егер таксистер бағаны жоғарылатып, алайда бірден оны айтып жатса. Бұл жағдайда бар кінәні өзіңнен көру керек. Бірақ такси жүргізушілері қулығын іске асырып, оған туристердің еркінен тыс келісіп жатқанда емес.

Қонақ кетіп қалды. Полицияны шақыртудан да бас тартты. Көңілде кірбің қалып қойды»,   дейді ол.

Кәсіпкер мұндай жағдай бірінші рет емес екенін алға тартты.

«Жүйелі түрде бұл мәселе аясында жазып жүргеніме төрт жыл болды. Оның арасында бірнеше мәрте іс қаралды. Әуежайдағы бопсалаушы таксистерді қудалаған жалғыз кезең Алматыдағы Универсиада уақытысында болды. Керек кезде қолдарынан келді ғой»,  деп жазды жігіт.

Қазіргі таңда ол барлық қонақтарға арнайы «такси қосымшалары» туралы ақпарат беруде.

«Бұл расымен мұндай оқиғалардың санын азайтуға елеулі түрде көмектесті. Алайда, әлі де жүздеген қала қонақтары таксистерге алданып жүр», – деді ол.

Дереккөзі: nur.kz.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир