Өзбекстан азаматтары елімізде қанша күн тұра алады

28.03.2024 18:50

ІІМ мәліметінше, бастама екі елге де ешқандай қауіп төндірмейді

Almaty.tv

Өзбекстан азаматтары Қазақстанда бес емес, 30 күн тіркеусіз жүре алады. Мұндай мүмкіндік қазақстандықтарға да жасалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отандастарымыз көрші елде 1 ай емін-еркін қонақ бола алады. Азаматтардың өзара сапар шарттары туралы келісімді бүгін жоғары палата өкілдері мақұлдады. Рұқсат етілген мерзімнен асып кеткен жағдайда, сол мемлекетте уақытша тіркеуге тұруға міндеттеледі. ІІМ мәліметінше, бастама екі елге де ешқандай қауіп төндірмейді.

– Хаттамада мемлекеттердің аумағында келу кезінде азаматтарға шекаралық қызметтер мен берілетін және кету кезінде қайтаруға жататын көші-қон бақылау картасына байланысты нормалар алынды. Осы өзгерістерден кейін азаматтар тізбесі бекітілген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжат негізінде кіріп, шығады, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев.

Оқи отырыңыз: Сингапур мен Алматы мектепте білім беруді жақсарту бойынша күш біріктіреді