Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
akorda.kz
Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.
Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
31.08.2026 09:00
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
31.08.2026 20:25
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
30.08.2026 10:34
Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады
30.08.2026 12:41
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
30.08.2026 12:15