Қазақтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев 45 жасқа толды

Қазақтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев 45 жасқа толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықтың сүйіктісне айналған, қазақ эстрадасының қоңыр дауысты әншісі Мейрамбек Беспаев 45 жасын атап өтті. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Жамбыл облысына қарасты Талас ауданында дүниеге келген.

Бүгінде әр қазақтың жүрегіне жол тапқан Мейрамбек Беспаевты дүйім жұртқа танымал еткен «Бозторғай» әні еді. Жетім баланың зар-мұңын жүрекке жеткізе білген қаршадай баланы жұртшылық «қазақтың Бозторғайы» атап кеткен.

Мейрамбекті алғаш рет киелі сахнаға шығарып, әншінің жұлдызын жаққан – бас ұстазы Алтынбек Қоразбаев.

Әнші шығармашылығының ең жарқын кезеңі – «МузАрт» тобы.

2001 жылы Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаев үшеуі «МузАрт» тобын құрады. Ең алғаш орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» әні.

2003 жылы аталған трио «Өз елім» атты алғашқы жеке концертін береді.

2005 жылы Мақсат Базарбаев топтан бөлек шығып, оның орнына Кенжебек Жанәбілов келді.

Ал 2008 жылы «МузАрт» тобының құрамына музыканттар алынып, топ вокалды-аспапты ансамбльге айналды.

Бүгінде «МузАрт» тобы 20 жылға уақыт қазақ даласын жан тебірентер әндерімен тербеп келеді.  

Мейрамбекпен бір сахнада, бір топта ұзақ жылдар ән айтып жүрген әнші Сәкен Майғазиев өмірдегі, өнердегі досын көзсіз батырға теңесе, өзінің істегенін мойындай білетін азамат, деп біледі Кенжебек.

Саналы ғұмырын өнерге арнап келе жатқан әнші болашақта шәкірт тәрбиелеуді де жоспарлап отыр.

Толығырақ «МузАрт» тобына арналған деректі фильмінен көріңіздер.

Новости партнеров