Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және "Алматы" ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солардың бірі - "демалыс күнінің жәрмеңкесін" өткізу.
2019 жылы Алматыда "демалыс күнінің" 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды.
Жәрмеңкелерден фермерлік шаруашылықтардың жергілікті өнімдерін алуға болады. Жәрмеңке бағасын әлеуметтік баға бойынша тауарлармен қамтамасыз ететін ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының, қосалқы шаруашылықтардың өкілдері және Тұрақтандыру қоры атынан мемлекет қояды.
Жәрмеңкелерде әлеуметтік баға бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі ұсынылады, олар:
Сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі -
1900 теңге.
Тауық еті -
810 теңге
Картоп -
104 теңге
Сәбіз -
94 теңге
Қырыққабат -
94 теңге
Жұмыртқа, 1 категория -
300 теңге
Өсімдік майы -
400 теңге
"Алматы" ӘКК сауда орындарын жеңілдікпен жалға беріп, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілермен тікелей жұмыс жасайды. Жалға берудің сараланған бағасы бір орынға 16 700 теңге.
Қала әкімдігі мен «Алматы» ӘКК өкілдері демалыс күндердегі жәрмеңкелерді тұрақты аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын жіті бақылайды және олардың өсуіне жол бермейді.
Жәрмеңкелердің мекенжайлары:
Гоголь - Масанчи (Алмалы ауданы)
Абай - Өтеген батыр (Әуезов ауданы)
Қазақфильм ықшамауданы, Жароков көшесі, әл-Фараби дағылынан жоғары (Бостандық ауданы)
Құлагер ықшамауданы, Серіков көшесі (Жетісу ауданы)
Жаңа жәрмеңкелер:
Нұркент-5 ықшамауданы, "Атлеттер ауылы", орталық аллеяда (Алатау ауданы)
Қалқаман ықшамауданы, Әуэзов көшесі, 1-ші қалалық клиникалық аурухананың кріе берісіне қарсы (Наурызбай ауданы)
Сайын - Шаляпин ( Әуезов ауданы)
Жұлдыз ықшамауданы (Түрксіб ауданы)
Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)
Саялы, 28-ші үйдің жаны (Алатау ауданы)