Сенат Салық кодексін Мәжіліске қайтарды

elements.envato.com
elements.envato.com
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат Салық кодексіне түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сонымен бірге, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары Сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданған еді.

«Негізгі заңды талқылау барысында Мәжіліс қабылдаған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда олар: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден түсетін құнның сыйақысымен және өсімімен байланысты кірістерге қатысты салық салынатын кірістің азаюын болдырмау жөніндегі нормаларды 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша екінші деңгейдегі банктер алған кірістерге қатысты салық салынатын кірістің азаюын болдырмау жөніндегі нормаларды 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізу және Салық кодексінің 3-бабы 2-тармағының тоқтатыла тұрған уақытша нормасының қолданылу мерзімін 2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1наурызға өзгерту ұсынылады», - деді заң жобасы туралы баяндама жасаған сенатор Бекболат Орынбеков.

Осыдан кейін сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жекелеген баптарын мақұлдап, жоғарыда аталған баптардың жаңа редакциясын Мәжіліске қайтарды.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Новости партнеров