Елбасы Кенжеғали Сағадиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

nur.kz
nur.kz
Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның есімі мен еңбегін ел ұмытпайды деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

«Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Кенжеғали Сағадиев 82 жасында дүниеден өткен еді.



Новости партнеров