Тоқаев қайтыс болған арыстық баланың отбасына көңіл айтты

03.08.2019 18:54

Қазақстан Президенті Арыс қаласында болған жарылыстардан кейін ауруханада қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Еске салсақ, Арыстық 8 жастағы бала 2 тамызда сағат 9.20-да Нұр-Сұлтандағы № 2 балалар ауруханасында қайтыс болды. Арыс қаласында жарылыс құрбандарының жалпы саны төрт адамға жетті.



Теги: Тоқаев