Шамалғанда темір жолға тағы бір автобус кептеліп қалды

18.09.2019 21:14

Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде

Шамалғанда, автобус пен пойыз апаты болған жерде тағы қоғамдық көлік өткелдің дәл ортасында тұрып қалды. Тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Анықталғаны, ішкі істер министрлігі көліктік полиция департаменті сотқа дейінгі тексеру амалдарын жасап жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстары жүргізілгенше құпияда сақталады деді құзырлылар. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде. 

Айта кетейік, 15-қыркүйекте дәл осы Шамалған стансасындағы өткелде пойыз автобусты қағып, бір адам мерт болды. Ал, үш адам ауруханада ауыр халде жатыр.