Түркістан облысында ойнауға кетіп үйіне оралмаған қаршадай қыздың мәйіті табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, баланың денесі каналда жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында ойнауға кетіп үйіне оралмаған қаршадай қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, баланың денесі каналда жатқан. Айта кетсек, оның жоғалғанын полицияға 5 күн бұрын хабарлаған. Содан бері оны сақшылардан бөлек, құтқарушылар да іздеді. Бейнебақылау камералары арқылы 12 жастағы қыздың аулада ойнап жүріп, кейін жол бойымен белгісіз бағытта кетіп қалғаны анықталды. Одан бөлек, көрші қызбен каналға барғаны мәлім болды.

«Іздестіру іс-шарасы барысында және жоғалған қыздың құрбыларынан сұрастырып, Түркістан қаласындағы Арыс-Түркістан каналындағы суға ағып кеткені анықталып отыр», – деді қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әбдірахман Тоқбергенов.

Новости партнеров