|
30.03.2023 | 15:02
2456

Жамбыл облысында әкімді пышақтап кетті

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жамбыл облысында әкімді пышақтап кетті f7.pmo.ee

Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 24 наурыз күні, ауыл әкімінің жұмыс орнында болған. Ол ауруханаға жатқызылды.

«Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны анықталды. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир