|
12.10.2019 | 13:56
2289

Маңғыстауда шенеунік меншік иелеріне заңсыз жер берді деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Маңғыстауда шенеунік меншік иелеріне заңсыз жер берді деген күдікке ілінді

Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы 22 жер телімін заңсыз берді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметін асыра пайдаланып, жалған құжат жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол жалпы сомасы 62 миллион теңге болатын 22 жер телімін жеке және заңды тұлғаларға сату бойынша конкурстар немесе аукциондар өткізбестен жалған құжат берді деген күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттікте.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтауда түпкілікті шешімді сот шығарады.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир