2018 жылы дәл осындай апат Павлодар облысы Екібастұз қаласынан 36 шақырым жердегі Үшқұлын бекетінің өткелінде орын алған. Дерек көздеріне сүйенсек, автобуста жергілікті мекемелердің бірінің қызметкерлері болған, олардың бәрі дін-аман, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ал осыдан бір ай бұрын, 17 маусымда Жамбыл облысында жолаушылар пойызының 8 вагоны «Астана-Қызылорда» пойызынан ажырап кеткен. Оның екеуі аударылып түскен. Нәтижесінде, 17 жасар бала көз жұмды. Сондай-ақ, 2014 жылы Атырау облысында рельстен шығып кеткен «Алматы-Атырау» пойызының соқтығысуын айтпай кету мүмкін емес. Салдарынан 27 адам зардап шегіп, 8 жолаушы ауруханаға түскен.
2017-2018 ж.ж. орын алған пойыз апаттары:
1. 2019 жыл 15 қыркүйек Алматы облысы Қарасай ауданы «Алматы-Қостанай»
2. 2018 жыл 2 шілде Павлодар облысы «Үшқұлын-Павлодар»
3. 2018 жыл 17 маусым Жамбыл облысы №9 «Астана-Қызылорда»
4. 2014 жыл 19 сәуір Атырау облысы «Алматы-Атырау» пойызы