|
12.05.2021 | 13:58
2302

Жалынды ауыздықтаған соң далада ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің видеосы жұртты тәнті етті (видео)

Біздің заманымыздың қаһармандары

 Жалынды ауыздықтаған соң далада ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің видеосы жұртты тәнті етті (видео)

Әлеуметтік желідегі @ridder.city парақшасы Риддердегі қызыл жалынды ауыздықтап, үйінділерді ретке келтіріп болған соң, далада, жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің видеосымен бөлісті. Аталған видео желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жігіттер шынында да шаршады», – дейді видео авторы

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде құтқарушыларға құрметі шексіз екенін жеткізді.

«Мұндай көріністерді бөлісіп, олар туралы жазуымыз керек», «Мен осының бәрін көзімен көрдім, Сіздердің қызметтеріңізге рақмет», «Алдыларында басымды иемін. Олар туралы фильм түсірген жөн», «Біздің заманымыздың қаһармандары», «Жарайсыңдар! Сендерге алғысымыз шексіз», «Еліміздің басына ауыр күн туғанда қасқайып, қарсы тұрып, ауыртпалықты көтеріп алатын осындай ер азаматтар аман болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир