|
01.12.2023 | 13:59
1938

Алматыда бес жолдың қашан ұзартылатыны белгілі болды

Қалалық мобильділік басқармасы жоспарын жария етті

 Алматыда бес жолдың қашан ұзартылатыны белгілі болды Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҮАААЖ бес радиалды жолды ұзарту жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық мобильділік  басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан атап өткендей, жалпы ұзындығы 3,2 км Саин көшесін ұзарту жұмыстары 65% аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 - Осы жоба бойынша 66 жер учаскесін алу қарастырылуда, оның 65-і бүгінде сатып алынды. Жұмыс біртіндеп  жүргізілуде. Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін Саин көшесін ұзартуды аяқтау және пайдалануға беру 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған, - деді ол Алматы қаласы мәслихатының отырысында.

Сондай-ақ Рысқұлов даңғылын Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жоспарлануда. Оның жалпы ұзындығы - 2,3 км. Ернұр Әбжаханның айтуынша, бұл жоба бойынша жұмыстар енді ғана басталды.

 - Жобада 274 жер учаскесін алу көзделген. Бүгінгі таңда 56 учаске бойынша қаулы қабылданды. Бұл бағытта жер қатынастары басқармасының жұмысы жалғасуда. Нысанды аяқтау және іске қосу 2025 жылға жоспарланған, - деді ҚМБ басшысының орынбасары.

Абай көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға келетін болсақ, жоспарланған жұмыстардың 5,3 км, 4,7 км жол жұмыстары жүргізілді, оның бір бөлігі пайдалануға берілді. Ұзындығы 600 м болатын соңғы беру кешені қалады.

 - Бұл жоба ЖСҚ түзету сатысында тұр, қазір мемлекеттік сараптамадан өтудеміз. 2024 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз, одан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары бастап, 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда, - деді Ернұр Әбжахан.

Ол Тілендиев көшесі мен Солтүстік айналма жолының бойында қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленіп жатқанын, оның аяқталуы 2024 жылдың соңына жоспарланғанын айтты.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бойынша барлық жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир