Алматыда қылмыс саны азайды

ult.kz
ult.kz
Мас күйде жасалған заңсыз әрекет саны 17,3%-ға, қоғамдық орындардағы заңсыздық 4,1%-ға азайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда қылмыс саны азайған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының бас полицейі хабарлағандай, қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы ашылуы жақсарды. Мас күйде жасалған заңсыз әрекет саны 17,3%-ға, қоғамдық орындардағы заңсыздық 4,1%-ға азайған.

«Департаменттің жеке құрамы шаһарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қаладағы қылмысты азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Нәтижесінде тонаумен айналысқан 17 топтың, 65 қарақшылық шабуылдың, 13 көлік ұрлығының, 33 пәтер ұрлығымен айналысқандардың, 20 автокөліктің ішін тонаған, 159-ы қоғамдық орында жеке мүлікті ұрлағандардың қылмыстық жолы кесілді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы.

Ол сондай-ақ, қалада зорлау қылмысы 3,4%-ға, пәтер ұрлығы 6,5%-ға, қалта ұрлығы 2,6 есе, көліктің салонынан ұрлық 2,3 есе, интернеттегі алаяқтық 28,4%-ға азайғанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров