Антисептик оразаны бұза ма?
Фото: Тұрар Қазанғапов
Бас мүфтидің жауабы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.
«Жоқ, Алла қаласа, бұзбайды, әрине. Қазір таңда біз төтенше жағдайдамыз. Ол жай жағдай емес. Сондықтан бұл кезеңде адам қорғану үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді шариғатымыз қолдайды», – деді бас мүфти.
Еске салайық, биыл қазақстандықтар үшін Рамазан айы 24 сәуірде басталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53