Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Depositphotos.com
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.
Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2030 жылға дейін дендрологиялық жоспар әзірленеді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01