|
14.08.2024 | 17:12
1172

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды

Жарақат алған өзге үш жолаушы ауруханаға жеткізілген

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды Almaty.tv

Қызылорда облысында ірі жол-көлік апаты болды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде екі автокөлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жарақат алған өзге үш жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай мен Сұлутөбе ауылдарының аралығында болған. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, Alphard автокөлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, өңірде биыл жол-көлік оқиғасынан 56 адам қаза тауып, 500-ден астамы түрлі дене жарақатын алған.

– Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жәйі анықталуда. Облыстық полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, – деді Полиция департаментінің басқарма бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.

Оқи отырыңыз: Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир