Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
elements.envato.com
Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы-Өскемен тас жолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 13 тамыздан 14-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40