|
12.04.2024 | 14:01
733

Отандастарын алдаған кез келген азамат ақы төлейді - Бозымбаев

Тасқын кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Отандастарын алдаған кез келген азамат ақы төлейді - Бозымбаев Almaty.tv

Тасқын кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев әлеуметтік желіге шындыққа жанаспайтын бейнежазбаларды жүктегендер табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатқанын жеткізді.

– Осындай жалған хабарламалардың немесе төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторына жауапкершілік туралы ескерткім келеді. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заңға сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған мәліметке талдау жүргізеді. Дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат, әрекеті үшін нақты ақы төлейтін болады, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Қазақстанның 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталуда. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үйді су басса, 67 елдімекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Ақтөбе облысында 500 отбасына өтемақы төленді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир