Тойхана иелері алдын ала төлем жүргізген азаматтарға 5 млн теңге қайтарған

открытые источники
открытые источники
Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне мейрамханалар мен тойханалардың үстінен 47 шағым түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне мейрамханалар мен тойханалардың үстінен 47 шағым түскен. Ақшасын алдын ала төлеп қойған азаматтар 7,5 млн теңгені қайтарып беруді сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан бірнеше апта бұрын ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Осы «алаңдағы» тұтынушы мен сатушының арасындағы келіссөз жүргізуші ретіндегі үкіметтік емес ұйымдарды мен белсенді жұмыс жүргізуге шақырамын. Ал жаңа нормалар әзірге толық іске асырылмай тұр. ҮЕҰ мен сатушылар ойынның жаңа әрі қатаң ережесімен ойнауды үйрене бастады. Ал Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау туралы комитеті қатардағы қазақстандықтардың құқығын қорғауға мәжбүр», –  деп жазды ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында. Бақыт Сұлтанов бес айдың ішінде атқарылған жұмыстар туралы статистикалық мәліметтермен бөлісті.

«Өздеріңіз білетіндей, наурыз айында азаматтарға әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы кеңес айтыла бастаған еді. Осыдан барып, жоспарланған концерттер мен тойлар болмайтын болды. Алайда ұйымдастырушылар билеттің ақшасын қайтаруға асықпады. 2020 жылдың 5 айында тұтынушылардың құқығын қорғау туралы комитетіне болмай қалған концерттер бойынша («Руки Вверх» тобы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Любови Успенской, Белгородтағы «Халық шығармашылығы» фестивалі, «Астана – Опера» театрының қойылымы мен тағы басқа) 29 билет бойынша 15 өтінім келіп түсті. Мұндағы жалпы сома - 615 620 теңге. Десе де 11 шағым бойынша жұмыс аяқталып, тұтынушыларға 615 620 теңге ақша қайтарылып берді. 4 шағым бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп жазады министр.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов мейрамханалар мен тойханаларда өтпей қалған отбасылық салтанатты шаралардың қаражатын қайтару бойынша 47 өтінім келіп түскенін жазады. Қазақстандықтар осылайша тойхана мен мейрамхана иелерінен жалпы сомасы 7,5 млн теңгені қайтарып беруді сұраған. Қазірдің өзінде осы соманың 5 млн теңгесі қайтарылғаны хабарланып отыр. Сондай-ақ министр туризм саласына тоқталды. 

«Біздің аумақтық департаменттерге болмай қалған туристік турлар бойынша жалпы сомасы 24 158 466 теңгенің (23 487 016 теңге – шетелдегі демалыс, 671 450 теңгесі ел ішіндегі демалыс бойынша) 85 шағымы түсті. Тұтынушыларға қазіргі таңда 4 250 202 теңге қайтарылды. Сонымен бірге кейбір өтінімдер бойынша тур мерзімін шегеру туралы келісімге қол жеткізілді», –  деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында. Министр тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша жаңа нормалардың күшіне енуімен тұтынушылар мен сатушылардың келіссөздері жақсара түсетініне сенім білдірді. 

«Істі комитетің қарауына жеткізгенше бизнес үшін тұтынушымен келіссөзге келу – тиімді бола түседі. Себебі жауапты орган қазір делдал ретінде жүргізумен бірге сатушы заң талаптарын орындамаған жағдайда айыппұл салуға да құқылы», –  деді ол.

Новости партнеров