Алматыда бір апта бұрын жоғалған студент қыз табылды

Жасөспірім қыз жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті, 16 жастағы бойжеткен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анасы Күләш Әкімбекованың айтуынша, жасөспірім қыз жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған.

«16 жетоқсан күні құзырлы органдар тапқан. Ол өзінің жігітіне еріп Сарыағашқа кетіп қалыпты. Біз жастармен сөйлестік. Қызымның айтуынша, мен рұқсат бермейді деп ойлаған. Сол себепті ешкімге хабар бермей кетіп қалған»,- деді қыздың анасы.

Еске сала кетсек, Айғаным Әкімбекова 9 желтоқсан күні оқуға кетіп, содан үйіне оралмаған болатын.

Новости партнеров