Биыл полиция 360 мың қылмыстық істі тіркеген

27.12.2023 19:02

Биыл ІІМ базасында 300-ден астам тергеу аппаратының басшысы оқудан өтті

Almaty.tv

Биыл 1409 адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ІІМ-нің жыл қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл полиция 360 мың қылмыстық істі тергеген. Оның 167 мыңы аяқталса, 50 мыңға жуығы сотқа жіберілді. Барлығы 49 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар жәбірленушілерге 21 млрд теңгеден астам шығын өтелді. Сот үкімін орындау мақсатында 1 млрд теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.

– Биыл ІІМ базасында 300-ден астам тергеу аппаратының басшысы оқудан өтті. Ведомстволық оқу орындарында 450-ден астам қызметкер біліктілігін арттырды. Қылмыстың жекелеген түрін, оның ішінде интернет-алаяқтық сияқты жаңа түрін тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар аумақтық полиция бөліністеріне жолданды, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден.

Оқи отырыңыз: Ақтөбелік полицейлерге жаңа көлік берілді