Елімізде 1 млн-нан астам адам несиені өтеу мерзімін бұзған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде елімізде 1 млн-нан астам азамат несиелерді өтеу мерзімін бұзған. Бұл туралы ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның жұмысынан айырылу немесе жұмысқа жарамсыздық, экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі және коронавирус инфекциясына қатысты карантиндік іс-шараларды енгізу сияқты түрлі себебі бар. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 млн-нан астам азамат несилерін өтеу мерзімін бұзған», - деді ол Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, коммуналдық төлем, салық бойынша берешегі бар азаматтардың да қатары мол. Сонымен қатар борыншкер мүлкінің болмауына байланысты қайтарылған 4 млрд теңге сомасына атқарушылық құжаттар бар.

Новости партнеров