|
09.02.2022 | 14:12
3894

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жасады

Қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 бірлік арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жасады © Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

Бүгін 9 ақпанда 10 ақпанның таңына дейін Алматы қаласында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа температурасы күндіз 0...- 2, түнде - 4...- 6. Тұман, жолдарда көктайғақ.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 204 құмшашқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 бірлік арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

"Мұз қатуы болжамына орай жолдың жүру бөлігінде, тротуарларда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Сондықтан Тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеміз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс",- делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир