Елімізде ресейлік телеарналардың трансляциясы тоқтатылуы мүмкін

29.09.2022 19:02

Шектеу ақпараттық саясатқа қатысы жоқ

Ашық дереккөз

Елімізде 5 қазаннан бастап 15 ресейлік телеарналардың трансляциясы тоқтатылуы мүмкін. «Beeline Қазақстан» компаниясының ресми мәліметі бойынша көрші елден тарайтын көрсетілім Қазақстан аумағында көрсетілмейді. Дегенмен бұл шектеу біздегі ақпараттық саясатқа қатысы жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылай деген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеке компанияның кеңсесі Нидерландыда орналасқандықтан олар қолданушылар мен аудиториясына талдау жүргізіп, дербес шешім қабылдайтынын айтты.

«Beeline» компаниясы енді ол көбіне экономикалық немесе аудиторияға қарайды ғой. Жалпы сол арқылы реклама түсіміне қарайтын шығар. Басқа да себептері бар. Бірақ, саяси астары бар деп ойламаймын және ол жеке компания», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.