Ұзындығы 18 метрлік көліктің іші кең, сыйымдылығы 150 адамға жетеді
Елімізде құрастырылған қоғамдық көліктер табиғи газбен жүреді. Ең бастысы экологиялық таза автобустар қала халқының игілігіне жұмыс істемек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұзындығы 18 метрлік көліктің іші кең, сыйымдылығы 150 адамға жетеді. 36 орындығы бар.
Ішінде бейнебақылау, диспетчермен байланысу, кондиционер сынды жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Алдағы төрт жылда еліміз бойынша қоғамдық көліктің 50 мың данасын экологияға зияны аз сұйық отынға ауыстыру жоспарланып отыр.