Марихуана мен метадон бақыланатын есірткі заттар тізіміне енді

31.12.2019 20:05

Қаулы БАҚ-қа жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде күшіне енеді

Метадон және марихуана Қазақстанда бақылауға жататын наркотикалық заттар тізіміне енді. Ел  үкіметі 2019 жылдың  25 желтоқсандағы қаулысына сәйкес заңға толықтырулар енгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, медицина саласында пайдаланатын ерекше бақылаудағы наркотикалық және  психотроптық заттар тізіміне  "Метадон, Метазоцин да" еніп отыр. Қаулы ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде күшіне енеді.