|
08.08.2022 | 14:04
844

Алматыда шомылу маусымы басталғалы 11 адам құтқарылған

Мамандар тұрғындардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болатынын жеткізді

Алматыда шомылу маусымы басталғалы 11 адам құтқарылған Almaty.tv

Алматыда шомылу маусымы басталғалы бері 11 адам құтқарылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖД берген ақпарға сүйенсек, оның екеуі бала. Апатты жағдайдың алдын алу үшін мамандар Сайран көлінің аумағында түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

«Жағажайларда құтқарушылар  әрдайым тәулік сайын қызметін атқарып жатыр. Оларда катерлер бар және де құтқару қондырғылары орнатылған. Сонымен қатар профилактикалық жұмыстарды жүргізген кезде біздің департамент арнайы дауыс шығаратын дрондарды қолданылады», – деді Алмалы аудандық ТЖБ басшысы Бағдат Шайзада.


Су айдындарындағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін департамент қызметкерлері қауіпті аймақтарды қызыл жолақпен қоршап, құтқарушыларды қарауылға қойған.

«Күнделікті бірлескен рейдтерімізде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабында көзделген жалпы суды пайдалану тәртібін бұзғаны үшін, 15 адам айыпқа тартылды», – деді ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир