Астанада қоғам белсенділері 7-20-25 бағдарламасының талабын өзгертуді талап етті

13.03.2023 19:04

Ұлттық банк өкілдері ипотекалық бағдарламаға лимит қойып тастаған еді

Liter.kz

Астанада қоғам белсенділері мен баспанадан үмітті жандар 7-20-25 бағдарламасының талабын өзгертуді сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық банк өкілдері ипотекалық бағдарламаға лимит қойып тастаған еді. Қазір тұрғын үй шектеу бойынша тек арнайы тізіммен ғана беріліп жатыр. Салдарынан пәтер алуға тапсырыс берген көпшілік мемлекеттен бөлінетін қаржының жоқтығынан баспанаға қол жеткізе алмай дал. Десе де, үмітін үзбеген жұртшылық күнделікті түнгі сағат 15:00-ден бастап, қаржы ұйымының алдында кезекке тұруға мәжбүр.

«Біз лимитті алып тастауды талап етеміз. Бұл бағдарламаны 2029 жылға дейін созудың қажеті жоқ. Ол 2018 жылы басталған. Сол кезде 25 миллионға 3 бөлмелі пәтер алуға болатын болса, қазір халық сол ақшаға  1 бөлмелі баспананы әрең тауып отыр. Сондықтан да бұл бағдарламаның лимитін алып тастап, керісінше 2025-2026 жылдарға дейін ғана созу керек. Халық соны сұрап отыр», – деді  экономист, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев.