Генерал Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салу офицерлер үйінде өтті

29.12.2019 19:05

Марқұм Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді

Қоштасу рәсімі офицерлер үйінде өтті. Қаралы жиынға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Рүстем Есімханұлының туыстары қызметтегі әріптестері және жолдастары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бар ғұмырында қатардағы милиционерден бастап, министрдің орынбасарына дейін көтерілген Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салушылар таң атпастан жиналған. Көңіл айтуға келгендердің тіпті саны көп. Қоштасу рәсіміне жиналғандардың алдында алғаш болып шаһар басшысы сөз сөйлеп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқавтың көңіл айту жедел хатын оқыды.

«Рүстем Есімханұлы қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі бола білді. Бұл барша қазақстандықтар үшін орны толмас ауыр қайғы», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, қаралы қауым алдында Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның және бірнеше қала әкімдері мен алыс-жақын шет елден келген көңіл айту хаттары да оқылды. Рүстем Қайдаров бар ғұмырын қазақ полициясының қалыптасыу мен дамуына арнады. Қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті сақтауға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздің әр түпкірінде басшылық лауазымда лайықты қызмет атқарды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Рүстем Есімханұлы қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі бола білді. Бұл барша қазақстандықтар үшін орны толмас ауыр қайғы», - деді. 

Одан өзге Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарды әрдайым ұлықтап жүретін деп еске алды әріптес, дос-бауырлары.    

«Еліміздің ерекше азаматтары әр уақытта біздің тарихымызда қалсын деп Талғат Бегилдинов, , Сағадат Нұрмағамбетов ағаларымыздың ескерткіштерін қоюға ұйытқы болды және Генералдар кеңесін басқарғаннан кейін біздермен бірге жұмыс істеді. Мен Медеу ауданының ардагерлер кеңесі едім. Келіп, талай сөз сөйлеп, жастардың алдында тәрбие мәселесінде. Қысқасы, қабырғамыз қайысты», - деді әскери қайраткер, полковник Ким СЕРІКБАЕВ.    

Генерал-майор Рүстем Қайдаров Қазақстанның құқық қорғау жүйесін қалыптастыруда еңбегі зор. Сонымен қатар заң ғылымының дамуына үлес қосып, мемлекетаралық құжаттарды әзірлеуге қатысып, дарынды шәкірттер тәрбиелей білді. Азаматтығымен, адамгершілігімен талай жанның жүрегінде қалған Рүстем Есімханұлының есімі ешқашан өшпек емес. Марқұм Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді.