Олардың есімдері қазақ елінің есінде мәңгі қалады
Ал, қаза болған азаматтар кім болған. Олардың атқарған қызметі мен қоғамдағы орынына тағы бір тоқсала кетуді жөн көрдік, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
1. Рүстем Қайдаров - 1940 жылы туған ІІМ-нің Құрметті ардагері, әділет генерал-майоры. Құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі. 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. 1999 жылдан «Қорғау» зейнетақы жинақтау қоры» акционерлік қоғамының президенті, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2. Базархан Кәрібаева - 1951 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны. Өмірін білім саласына арнаған азаматша. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ана мектеп директоры қызметін атқарып, зейнетке шыққан.
3.Кайырхан Тұматов- 1955 жылы туған. Алматы қаласының тұрғыны. Радиофизика саласының маманы, кәсіпкер.
4. Әмина Оспанова 1963 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тұрғыны. Жекеменшік балабақша директоры. Марқұм елордаға конкурстың жеңіспазы атанған үшін медаль алуға аттанбақ болған екен.
5. Валерий Ануфриев - 1983 жылы туған. Алматы қаласының тұрғыны, «Алатау» компаниясының қызметкері.
6. Николай Астанов 1971 жылы туған.
7. Бауыржан Қалиев 1974 жылы туған.
8. Марат Мұратбаев 1961 жылы туған - Алматы қаласының тұрғыны, Әуе кемесінің командирі. 1982 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшу азаматтық авиация училищесін бітірген. Өмірін авиция саласымен байланыстырған азаматтың жалпы ұшу уақыты - 20 141 сағат. Оның артында 2 баласы қалды.
9. Абай Нұрбеков 1986 жылы туған-Қостанай облысының тумасы. Алматы қаласының тұрғыны. Артында әйелі мен төрт баласы қалды
10. Арман Исина - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Қарағанды медицина институтының түлегі. Көптеген нәрестенің өмірге келуіне ат салысқан акушер-дәрігер. Қазақстандағы Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша Ұлттық жаттықтырушы. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мамандарына созылмалы инфекциялық емес ауруға шалдыққан пациенттерді халықаралық талаптарға сәйкес емдеу тәсілдерін үйретуді қолға алған дәрігер.
11. Сәния Аманжол - Павлодар облысының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4-курс студенті болған. Биыл дипломын алуы керек еді деп еске алды ұстаздары. Сәния Аманжол Нұр-Сұлтанға ата-анасымен жаңа жылды бірге қарсы алу үшін жолға шыққан.
12. Дана Круглова 1984 жылы туған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. «Informburo.kz» порталының қызметкері. Телевизия саласында із қалдырған білікті маман. Қаза болғандардың отбасына арна ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамыз.