Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады
Маңғыстау облысында биыл 4 пана іздеуші және 2 босқын мәртебесін алған шетел азаматы тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады. Мәртебе 1 жылға ғана беріледі. Ал оның ары қарай созылуын арнайы комиссия қарастырады.
- Босқын мәртебесін және пана іздеуші статусын алған азаматтарға Қазақстан аумағында белігілі бір заңнамамен белгіленген жеңілдіктер бар. Олардың жұмыс істеуіне, еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктері қарастырылған, - деді Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.
Айта кетсек биыл өңірге үш мыңға жуық қандас көшіп келген.
Оқи отырыңыз: Шаңғы акробатикасы бойынша әлем кубогінің кезеңі «Шымбұлақта» өтеді