Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
Үкімет пандемиямен күресте жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Үкіметтен 5 күннің ішінде пандемиямен және оның салдарымен күрес бөлігінде жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды сұраймын. Мұндай сипаттағы шешімдер бір, ары кеткенде екі тәулік мерзімнің ішінде қабылданып, жүзеге асырылуы тиіс», – деді ҚР Президенті.