«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті

instagram.com/dos_mukasan_official
instagram.com/dos_mukasan_official
Ол 75 жаста болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

75 жасында «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті. Бұл туралы ансамбльдің ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», - делінеді ансамбльдің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетейік, «Дос-Мұқасан» — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) жанынан құрылды. Ансамбльдің атауы оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов.

Еске салсақ, өткен жылы Астанада «Дос Мұқасан» фильмінің жабық премьерасы өтті. Фильмді Ефрат Шәріповтің сценарийі бойынша «Aray Media Group» студиясы түсірген.

Новости партнеров